28 нау, 2020 сағат 18:28

Қарағандыда үш, Атырау облысында бір адамнан коронавирус табылды

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 20.28-дегі дерегі бойынша, Қарағанды облысында - үш адамнан, Атырау облысында бір адамнан коронавирус табылды. 

Қазақстанда 28 наурыз 21:00-ге дейін 58 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Нұр-Сұлтанда - 42 адам, Алматыда - 3 адам, Қарағанды облысында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында 2 адам вирус жұқтырған.

Қазір елде барлығы 208 адамнан вирус табылды:

  • Нұр-Сұлтанда - 117 адам
  • Алматыда - 58 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Атырау облысында - 5 адам
  • Ақмола облысында - 5 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.