02 сәу, 2026 сағат 17:14

Қарағанды облысында жоғалған 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды

Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысы Абай қаласында із-түссіз жоғалған 13 жастағы Рыс Бибарыс Бекнұрұлы аман-есен табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Еске салайық, жасөспірім 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған болатын. Осыған байланысты полиция іздестіру жұмыстарын жүргізген еді.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жасөспірімнің қайда болғаны мен оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.