Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник – V) вакцинасына тіркеу куәлігін алды, деп хабарланды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegam парақшасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 13 ақпанында препарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымының, тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы алынды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасында 15 ақпан күні тіркеу куәлігі берілді. Алдын ала есептеулер бойынша, үстіміздегі жылдың ақпан айының соңында еліміздің барлық өңірлеріне ҚФК өндірген «Спутник - V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарлануда.
Бұдан басқа, вакцинаны қолдану кезінде «пайда – қауіп» арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында күдікті жағымсыз реакциялар туралы ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына, сондай-ақ «Қарағанды фармацевтикалық кешенініне хабарлау маңызды.