02 қыр, 2022 сағат 18:10

Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған полицей мемлекеттік сыйлыққа ие болды


Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған полицей мемлекеттік сыйлыққа ие болды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны, сондай-ақ қалада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Әуезов аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ғазиз Нұрғалымов 2-дәрежелі “Айбын” медалімен марапатталды.

Тәртіп сақшысына мемлекеттік сыйлықты Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров табыс етті.

– Біріншіден, сіздерге, Ғазиздің ата-анасына, лайықты ұл тәрбиелегендеріңіз үшін барша ұжым атынан мың алғыс. Мен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен мемлекеттік сыйлықты табыстау үшін арнайы миссиямен келдім. Ғазиздің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз алдағы уақытта да қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Алматы полициясының басшысы.


Еске салайық, аға лейтенант Нұрғалымов биыл қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді басу кезінде ауыр жарақат алған болатын. Жүздеген ашулы демонстранттың шабуылы мен соққысының нәтижесінде Ғазиздің екі бүйрегі де істен шыққан. Қазір ол гемодиализден өтіп, ота жасатуға дайындалып жатыр.