Фото: ІІМ
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 8 қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізген.
Іс-шараның нәтижесінде:
заңсыз айналымнан 340 қару және 2 мыңнан астам оқ-дәрі,
14 криминалдық қару, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару,
алыстағы шаруа қожалығынан 70 атыс қару тәркіленді.
Тұрғындар 35 қаруды полицияға өз еркімен еркімен тапсырды. Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
