Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер қиратқан Алматыдағы Президент резиденциясы сүріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы бүлікке дейін ғимараттың қасбетін қайта жаңарту жоспарланған болатын.