сурет: РИА Новости
Қазақстанда 8 459 231 адам коронавирус вакцинасын толық салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«27 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда корнавирус вакцинасының I компоненттін - 8 947 986 адам, II компоненттін 8 459 231 адам салдырды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 225 адамның жағдайы ауыр.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 619 адам коронавирус инфекциясынан (–15 533+ және 2 086 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 2 813 пациент стационарда, 14 806 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
