15 жел, 2021 сағат 10:13

Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды?


15 желтоқсандағы дерек бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 875 273 адам, 2-ші компонентін 8 323 469 адам салдырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасының І-ші компонентін 155 305 жасөспірім, 11 579 жүкті әйел, 28 199 бала емізетін әйел, ал ІІ-ші компанентімен 18 524 жасөспірім, 1 828 жүкті әйел, 4 339 бала емізетін әйел қабылдаған.


Сондай-ақ, 15 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, елімізде 20 376 адам коронавирус инфекциясынан (–17 655+ және 2 721 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 3 786 пациент стационарда, 16 590 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 308 адамның жағдайы ауыр,

• 80 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.