#
#
Бейсенбі 06/08/2020

«Канелоның» бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы маңызды мәлімдеме жасады

  • 13.02.2020
  • 0
  • 328

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) жетекшісі Эдди Рейносо қарамағындағы боксшының «Синко де майо»-да кіммен кездесуді жоспарлағанын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

«Канело» мамырда рингке оралады және 168 фунттағы мықты чемпионмен айқасады. Біз Golden Boy және DAZN-мен кездесіп, Саульдің келесі қарсыласы кім болатынын анықтаймыз. Оларда келісімшарт бар, оған құрметпен қарау керек. Барлық тараптың көңілінен кімнің шығатынын көреміз. Головкинге келер болсақ, біз онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайынбыз, бірақ мамырда емес, мүмкін қыркүйекте болып қалар», - деп мәлімдеді Рейносо.

«Канелоның» мамырдағы қарсыласы супер орта салмақтағы британиялық чемпиондар - Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) немесе Каллум Смит (27-0, 19 КО) болуы мүмкін.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар