ҚР Парламент Сенатының депутаттары Қанат Мусинді ҚР Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сенат Бюросының қаулысына және Сенат Регламентінің 66-тармағына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті ҚР Президенті ұсынған ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды.
ҚР Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қанат Сергеевич Мусинді қызметінен босату ұсынылады», - деді сенатор Владимир Волков Сенат отырысында.
Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді.