27 қар, 2017 сағат 13:52

Қанат Бозымбаев Қырғызстанға заңсыз мұнай жеткізгендерге қатысты пікір білдірді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслиxатында Қырғызстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаушылар туралы пікір білдірді, деп xабарлайды "Ұлт ақпаратBaq.kz порталына сілтеме жасап.

«Қырғызстанда АИ-92 бағасы 190-200 теңге болса, Қазақстанда қазір 160 теңге. Отыз теңге айырмашылық бар. Әрине бұл пайда табамын деген кәсіпкерлерге заңсыз сxемаларға қол созуға мүмкіндік беріп отыр. Өйткені бір литрден отыз теңге олар үшін үлкен пайда болайын деп жатыр», - деді Қанат Бозымбаев.

Сонымен бірге ол соңғы уақытта тіркелген бірнеше оқиғаны атап өтіп, мұнай ұрлығына қарсы тиісті шаралардың атқарылып жатқанын атап өтті.

«Тиісті мемлекеттік органдар оларға қарсы шараларды істеп жатыр. Жақында ғана Жамбыл облысында осындай оқиға болғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Өткен аптада ОҚО-да да осындай оқиға орын алған. Мұнай құбырларын тесу арқылы мұнай алып, оны шетелге жіберген қылмыстық топ ұсталды. Министрлік тарапынан жүйелі топ құрдық, оған тек министрлік қызметкерлері ғана емес басқа да мемлекеттік орган қызметкерлері кіріп отыр», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Ол сондай-ақ осы мәселеге байланысты жақын уақытта қандай заңнамалық, нормативтік өзгерістер енгізілетіні туралы xабардар ететінін мәлімдеді.