Қаллеки театры маусым айында көрермендеріне кезекті премьераны ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақ драматургиясының зор мұрасының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» туындысы заманауи бағытта жас режиссер Гүлназ Балпейісованың режиссерлік нұсқауында қалың көрерменге ұсынылмақ.
Гүлназ Балпейісова - әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару жақында Қарағандының С.Сейфуллин атындағы мемлекетттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын қойып, енді бас қаламыздағы Қаллеки театры сахнасында «Баян Сұлу –Қозы Көрпеш» туындысын дайындап жатыр.
Қойылымға дайындық жұмыстары екі ай уақыт жүргізілді.
Авторы: Ғабит Мүсірепов
Режиссері – Гүлназ Балпейісова.
Рөлдерде:
Қозы Көрпеш – Марғұлан Наменов
Баян Сұлу – Ақниет Орынтай
Мақпал – Алтынай Нөгербек
Күнікей – Арай Амантауова
Таңсық – Бегімнұр Қалила
Айнұр Жетпісбаева
Қарабай – Жанқалдыбек Төленбаев
Жантық - Олжас Жақыпбек
Әнуар Бектас
Қодар - Бекарыс Шалқар
Айдар – Қайыржан Садықов
Таңқы – Ақжол Мамыр
Жарқын – Шах-Мұрат Ордабаев
Жасұлан Ерболат
Жолбарыс – Нұрсұлтан Есен
Қыздар – Айнұр Жетпісбаева
Бегімнұр Қалила
Маржан-Нұр Макибаева