15 сәу, 2020 сағат 20:47

Қалетаев Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтарының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Елші рәсім аясында өткен сұхбат барысында Қазақстанның жоғарғы басшылығының Украинамен кең ауқымды мәселелер бойынша прагматикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады. Сонымен бірге, ол екі ел халықтарының тығыз тарихи байланысы мен екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін атап өтті.