«Nur Otan»-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков өңірлік мәслихат депутаттарының партия құрамынан шығуына байланысты өз пікірін білдіріп, әлеуметтік желіде жазбасын жариялады.
«Достар, әріптестер. Дабыл қағатындай, жаһандық құбылыстар орын алып жатқан жоқ. Иә, расында, біздің фракциядан қалалық мәслихаттың екі депутаты «Nur Otan» партиясынан шығатындығын және депутаттық өкілеттіліктерін тоқтататындықтары туралы мәлімдеді.
Осыған байланысты, саяси партия – бұл ортақ саяси мақсаттар мен ұстанымдар негізінде құрылған азаматтардың ерікті бірлестігі екенін еске салғым келеді. Осылайша, екі азамат өздерінің ажырамас конституциялық құқықтарын екі рет пайдаланды: бірінші рет партияға кіргенде, екіншісі одан шыққан кезде. Оларға айтарымыз! Жолдары ашық болсын! Біз ешкімді күшпен ұстамаймыз», - делінген Чугунковтың фейсбуктегі парақшасында.
Мәселенің мың себебі болады дегендей, филиал төрағасының бірінші орынбасары мәслихат депутаттарының партиядан шығуының бір себебі: «Өздеріңізге белгілі, келесі айдан бастап біз жария форматта партиямыздың атынан депутаттардың қоғамдық рейтингін қалыптастыру үшін онлайн платформаны іске қосамыз. Бұл рейтинг мәслихаттар депутаттарын Халықпен неғұрлым тиімді және тұрақты өзара іс-қимыл жасауға ынталандыру және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру үшін олардың дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылады. Мүмкін, біздің бұрынғы әріптестеріміз сондықтанда алдын ала шулап, өз міндеттемелерінен "босатуды" шешкен шығар», - дейді.
Сонымен қатар, ол қазірдің өзінде қолында «Nur Otan» қатарына кіру ниеті 200-ден астам адамның өтініштері жатқанын, адамдардың партия қатарына кіруі және шығуы қалыпты жағдай екенін және мұны партияның өзін-өзі тазарту актісі ретінде қараңыздар деп жазған.
Жазба соңында «Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады» - деген екен Күлтеген бабамыз.
Егемен еліміздің ертеңінің баянды болуы, елдегі азаматтардың береке бірлігінде екендігі шындық. Сондықтанда еліміздің дамуымен өркендеуі жолында бірлесе жұмыс атқарып, ел мойынына түскен жүкті жұмыла көтеруіміз қажет деп ойлаймын», - делінген.