12 жел, 2020 сағат 02:49

Қадыровтың 20 жастағы қызы департамент басшысы қызметіне тағайындалды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қызы Хадижат Қадырова Грозный қаласы мектепке дейінгі білім беру департаментінің жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы республика парламентінің басшысы Магомед Даудов Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Хадижат Қадырова 20 жаста. Осыған дейін оның әпкесі Айшат республиканың мәдениет вице-министрі болып тағайындалған.

Шешенстанда республика басшысы Қадыровтың туыстары лауазымды қызметтерге жиі тағайындалады. Мәселен, қараша айында республика басшысының және үкіметінің әкімшілігін Рамзан Қадыровтың ағайыны Хас-Магомед Қадыров басқарды.

  • Қазан айында Роспотребнадзордың Шешенстан республикасы бойынша басқармасы жетекшісінің орынбасары қызметіне Рамзан Қадыровтың балалар үйінен асырап алынған інісі Висита Қадыров тағайындалды.
  • Наурыз айында туыстарын қызметке қойды деген айыпқа Рамзан Қадыров былай жауап берді: "Халқым үшін, республика үшін жауап берсем, ол үшін ұялмаймын. Егер бұл міндетті дұрыс атқарсам, министрдің, аудан басшысының, әкімшілік басшысының не үкімет жетекшісінің кім болатыны бәрібір емес пе?"