20 мам, 2021 сағат 11:17

Қадыровты "шайтан" деп атаған баланың әкесі кешірім сұрады (Видео)


Instagram желісіндегі пікірде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты "шайтан" деген жасөспірімнің әкесі мен басқа туыстары одан кешірім сұрады. Кешірім сұраған видеоны "Грозный" мемлекеттік телеарнасы көрсетті.

15 жастағы оқушының әкесі ұлын "дұрыс тәрбиелемегені үшін" кешірім өтініп, баласын жақсылап тәрбиелеуге уәде берді. Әкесі кешірім сұрап жатқанда бала оның жанында отырды.

Телеарнада жарияланған роликте баланың туысымыз деген бес еркек "інісінің әрекеті үшін ұялатынын" айтады. Олар камераға қарамай, бетін жасырып отырды.

"Грозный" телеарнасының тілшісінің сөзінше, жасөспірім Дағыстанда туған, қазір әкесімен Мәскеу маңындағы Чехов қаласында тұрады.


17 мамырда Қадыров Instagram желісінде тікелей эфирге шығып отырғанда өзін "шайтан" деп атаған адамға "сені тауып, көзіңді құртамын" деген.

Шешенстанда Қадыровты сынаған адамдарды я олардың туыстарының телеарнаға шығарып кешірім сұрату қалыпты жағдайға айналып кетті.

Мәселен, билік берген азық-түлік қорабында нан мен қызанақ ғана болғанын айтқан тұрғын да жұрттың көзінше биліктен кешірім сұраған. 16 жастағы Магомед есімді тұрғын желіде Қадыровты "дұрыс адам емес" дегені үшін телеарнаға шыққан. Ол анасы екеуі Қадыровтан кешірім сұраған еді. Олар туралы видео 46 минутқа созылған.