15 қар, 2021 сағат 16:33

Кабулда автобусты жарып жіберді


Ауғанстан астанасы Кабул қаласында автобустың жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбі күні Fars агенттігі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттік дерегінше, оқыс оқиға Даште-Барчи ауданында орын алған. 

Бұған дейін африкандық Aamaj News агенттігі Кабулдағы Коте-Санги ауданында жарылыс болғанын хабарлаған еді. Онда келеңсіз жағдай салдарынан екі адамның жарақат алғаны айтылған болатын.