Израиль өкілдері Судан астанасы Хартумға барды. Бұл – өткен айда тараптар қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге келгеннен кейінгі алғашқы сапар, деп хабарлайды Middle East Monitor.
Дүйсенбі күні Израиль делегациясы Суданға АҚШ-тың делдалдығымен екі елдің билігі бір ай бұрын қарым-қатынасты қалыпқа келтіргену туралы келісімге келгеннен кейін экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты талқылау үшін алғаш рет барды.
Келіссөздер барысында Суданға ауылшаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, сумен жабдықтау және денсаулық сақтау саласындағы көмек мәселелері қозғалды. Израильдік делегаттар Хартумдағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен де кездесті.
«Суданға келген алғашқы делегацияның соңынан бірнеше аптадан кейін үлкен «экономикалық делегация» аттанады. Бұл ынтымақтастық туралы келісімге қол қою ықтималдығын арттырады «, - деп атап өтті израильдік делегация өкілі Эли Коэн.
Судан БАӘ мен Бахрейннен кейін осы жылы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қойған үшінші араб елі болды. Келісімге қол қойылған күні АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске Суданды терроризмге демеуші елдер тізімінен шығару керек деп хабарлады.
Осы уақытқа дейін араб елдерінен тек Египет пен Иордания ғана еврей мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынаста болды.
Осы уақытта Израильдің араб елдерінің басым көпшілігімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы Палестина әкімшілігінің қатты айыптауына себеп болды.