Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Басқарманың мәліметінше, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 1 713 афтершок тіркелген.
Зілзала салдарынан 114 адам қаза болып, 1 035 адам жарақат алған. Оның 898-і медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 137-сі емделіп жатыр.
Измирдегі 17 ғимараттың 15-інде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар қалған 2 ғимаратта жүмысын жалғастыруда.