10 қыр, 2021 сағат 18:05

Із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қостанайлық бойжеткеннің денесі табылды


Қостанай облысында жұмыстан шығып, үйіне оралмаған 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Евгения Казачук Денисовский ауданының Перелески ауылында жұмыстан шыққан соң жоғалып кеткен. Соңғы рет қызды 25 тамызда көрген. Мәйіт ол жұмыс істейтін кафеден 150 метрдей қашықтағы орман плантациясында табылған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Денисовский ауданы, Перелески ауылының 19 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Іздеуге полицейлер, еріктілер мен туыстары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Жедел уәкілдер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қостанай облысының полициясы ҚР ҚК 99-бабы «Өлтіру» бойынша соталды тергеуді бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 2002 жылғы Евгения Казачук жоғалып кеткені хабарланған болатын. Іздестіру туралы ақпаратты "Дос" жедел-құтқару жасағының еріктілері таратты.