видео кадры
Йемендік студент хостелде шыққан өрт туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің студенті Ахмед Файиз Ахмед Аль-Гобэйдің айтуынша, бөлмелердің бірінде матрас өртенуі мүмкін.
"Таңғы сағат 5-те шу мен айғайды естідік. Кейбір мәліметтер бойынша, жертөледегі матрас өртенген. Бірақ оның қай жерде екенін білмеймін. Біз төлқұжаттарымыз бен күртелерімізді алып, далаға шықтық", - деді шетелдік студент.
Сондай-ақ, ол кейбірі қою түтіннен далаға шыға алмай қалғанын айтты.
"Бөлмеміз алдыңғы есіктің қасында болғандықтан, түтін болған кезде сыртқа шығып үлгердік. Алайда, алдыңғы есіктен ары тұрғандар – іште адасып қалды. Біреулер терезелерді ашып, сол арқылы сыртқа шықты", - деп бөлісті студент.
Студент бұл хостелге "университет және жатақханамен келісім бойынша" орналастырылғанын айтты.
Еске сала кетейік, 30 қарашада таңертең Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, алдын ала мәлімет бойынша 13 адам қаза тапты.