Қазақстан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен оның орынбасарларының жалақысы аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Министрдің еңбек өтілі мен атағын есепке алғанда, үстемеақысыны қосқанда жалақысы - 1,3 миллион теңге. Орынбасарларының да еңбекақысы еңбек өтілі мен шеніне байланысты бір миллион теңгеге жуық", - деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Ішкі істер министрлігі 2021 жылы ведомство басшылығының жалақысы өспегенін атап өтті.