07 мау, 2017 сағат 17:09

Иранда террористерге қарсы операция аяқталды: 4 лаңкестің көзі жойылды

Иран парламентінде террорлық операция аяқталды, 4 лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы аталған елдің ИРНА ақпарат агенттігі хабарлады.

Сағат 10.15-те басталған террорлық операция түстен кейін аяқталды.

Бір лаңкес өзін-өзі жарып жіберді және қалған үшеуін ИР Сақшылар корпусының шенеуніктері жойды.

Иран Медициналық жәрдем басшысы  сәрсенбіде агенттікке парламентке және Хомейни имамы мавзолейіне шабуыл салдарынан 12 адам көз жұмғанын,  42 адам жарақат алғанын хабарлады. 

Бір уақытта мавзолейде де атыс басталды.

Жалпы лаңкестік салдарынан зардап шеккен 37 адам ауруханаға жатқызылды.

ДАИШ лаңкестер тобы парламентке және Хомейни имамы мавзолейіне шабуылға  жауапкершілікті  мойнына алды.

ҚазАқпарат