15 қаз, 2020 сағат 09:50

Иранда коронавирустан тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

Иранда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан болған 279 жаңа өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Islamic Republic News Agency-ге сілтеме жасап.

Cәрсенбі күні Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Сима Садат Лари өткен тәулікте коронавирустан 279 адамның көз жұмғанын мәлім етті. Елде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 29349 адамға жетті.

Сондай-ақ министр кеше коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4830 жаңа жағдайы тіркелгенін атап өтті. Олардың 2237-сі ауруханаға жатқызылды. Елде сауығып шыққан пациенттердің жалпы саны - 414831.

4609 науқастың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде ем алуда. Елде коронавирус инфекциясына жүргізілген тесттердің саны - 4398723.