03 нау, 2020 сағат 06:25

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 70-ке жуықтады

Иранда коронавирустың жаңа түрінен (СOVID-19) көз жұмғандар саны 66-ға жетті. Бұл туралы ИРНА агенттігі.

Иранның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алирези Раисидің айтуынша, елде ауруға шалдыққан адамдардың саны 2 наурыз күні 1501-ге жеткен, соның ішінде 291 адам жазылып шықты.

«Коронавирус жұқтырудың 225 оқиғасы Тегеран қаласында тіркелді, Кумада – 62, Гилянда – 53, Исфаханда – 23, Маркази провинциясында – 18, Казвинде – 18, Хорасан Резавиде – 6, Фарс провинциясында – 8, Керманшахта – 1, Мазендеранда – 12, Альборзада – 10, Хормозганда – 7, Хузестанда – 12, Систан және Белуджистан провинциясында – 1, Батыс Әзербайжанда – 4, Иламда – 2, Оңтүстік Хорасанда – 3, Керманда – 2 және Йезде бір адам індет жұқтырған», - деп атап өтті ол.

Иран елдің шекара бекеттерінде коронавирустың таралу салдарларын жоюға күш салуда.

«Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында шекара бекеттерін дезинфекциялауды бастадық», - деді Иран шекара қызметі бастығының орынбасары Ахмад Әли Гударзи.