27 ақп, 2020 сағат 15:47

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 30 адамға жуықтады

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 26 адамды құрады, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпурдың айтуынша, елде індет жұқтырғандар саны 245 адамға жеткен.

«Коронавирус жұқтырған жаңа оқиғалардың 38-і Тегеранда, 23-і Гилянда, 7-і Кумада, 1-і Хамаданда, 8-і Исфаханда, 7-і Мазандаранда, 58-і Ардебилде, 3-і Альборзеде, 1-і Хоросан Разавиде, 3-і Семнанда, 2-і Керманшахта, 3-і Лорестанда, 1-і Күрдістанда, 1-і Йезде, 1-і Батыс Әзербайжанджа және 2-і Шығыс Әзербайжанда тіркелді», - деді шенеунік.

Коронавирустың жаңа түрі (2019-nCoV) 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Орталық Қытайдың халық тығыз орналасқан, яғни 12 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны халықаралық дәрежедегі төтенше жағдай деп жариялап, ауқымды эпидемия деп сипаттады.

ҚХР бөлек, вирус 27 елде анықталған, оның ішінде Иран да бар.