#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Иран президенті шектеу шаралары 2021 жылдың қаңтарына дейін күшінде қалады деді

  • 10.08.2020
  • 0
  • 124

Иран президенті Хасан Роухани коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеу шаралары 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін күшінде қалады деп мәлімдеді. 

"Осындай жағдайда өмір сүріп жатқанымызға алты ай болды, енді өзімізді кемінде тағы алты айға дайындауымыз керек" деді президент. Роуханидің 9 тамыз күні жариялаған мәлімдемесінде осындай мәлімет айтылады. 

Иран басшысының сөзіне қарағанда билікте әзірге шектеу шараларын жұмсарту жоспарда жоқ.

"Біз қалыпты жағдай мен шектеу шараларын сақтау арасында алтын ортасын табуымыз керек" деді. 

Иран соңғы екі айда коронавирусқа байланысты шектеулерді жұмсартып, соның салдарынан вирус жұқтырғандар күрт көбейіп, күніне 200-ге дейін адам қайтыс болған. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 324 мыңнан адамға коронавирус жұққан, 18 264 адам қайтыс болған. Бұған дейін Иран үкіметі жариялаған мәліметтерге күмән де болған. 

Жақында британдық BBC сайты анонимді түрде жіберілген құжаттарға сүйене отырып, Иран үкіметінің коронавирустан қайтыс болғандар санын бірнеше есеге кемітіп көрсеткенін хабарлаған еді. 

 

Иран денсаулық сақтау министрлігі осыған дейін коронавирус жұққандар саны мен вирустан қайтыс болғандар дерегін жасырмай хабарлап отырғанын айтқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар