Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.
«Коронавирус жұқтырғанымды хабарлағым келеді. Кешеден бері қызуым көтерілді, алғашқы сараптама оң нәтиже көрсетті», - деп мәлімдеді Харирчи сейсенбі күні. Ол емделуді бастағанын және қызуының түсіп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 15-ке жетіп, тағы 35 індет жұқтырған адам тіркелгенін хабарлады.