Ирактың Қорғаныс министрлігі Мосулды ДАИШ (Ислам мемлекеті) террористік тобынан толық азат етілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sky News Arabia телеарнасы.
«Мосулда Ислам мемлекетінің содырлары басқарып отырған ешқандай аудан қалған жоқ. Топ жауынгерлерінің тізе бүгуден басқа амалы жоқ. Ислам мемлекетінің Иракқа қатысы біржола тоқтатылды», - делінген ведомство мәлімдемесінде.
«Жасырын мемлекет жойылды: ан-Нури мешіті босатылды», - делінген төбесінде Ирак туы желбіреген мешіт жанынан тікелей эфир арқылы таратылған телеарна хабарында. Эфирде ешқандай пікір айтылмады, тек Ирак халық музыкасы ойнатылған.