03 жел, 2023 сағат 12:16

inDriver-дің негізін қалаушы Қазақстан азаматтығын алды

Фото: inDriver

inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы ол 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ал Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.

"Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді", - деп жазды министр.