22 мау, 2021 сағат 17:42

Индонезиялық музыкант «Дайдидау» әнін көне аспапта орындады


Индонезиялық музыкант Наталино Мелла қазақтың әйгілі «Дайдидау» әнін көне аспапқа салып орындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы Dimash Indonesia Dears фан-клубы барлық индонезиялық жанкүйердің ризашылығын білдіру үшін Димашқа сасандо аспабын сыйға беруді шешкен. Солай, индонезиялық фан-клуб сасандода кәсіби және шебер ойынайтын Наталино Мелламен байланыс орнатқан. Н.Мелламен жасаған музыкалық құрал 2021 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Индонезия Елшілігінде Димашқа сыйға тарту етілді. 

Мәлім болғандай, сасандоны Қазақстанға жіберу үшін индонезиялық фан-клуб 4 жыл бойы бірнеше рет әрекет еткен. Ақыры сыйлық Индонезия Елшілігіне Димаштың келуіне бір күн қалғанда жеткізілген.

«Ал 17 маусымда индонезиялық фан-клуб Наталино Мелладан күтпеген хабарлама алды. Онда аты аңызға айналған «Дайдидау» әніне түсірілген видео қоса жіберілген. Димаштың барлық жанкүйерлері үшін сүйікті ән олардың дәстүрлі музыкалық аспабында шырқалғанын есту Dears-қа үлкен мәртебе болды», - делінген сайтта. 

Сасандо – Индонезияның Роти аралынан шыққан дәстүрлі музыкалық аспап. Ол бамбук түтігінен жасалған. Оның ішектері арфадағыдай саусақпен шертіледі. Сасандоның көптеген түрлері бар, олардың әрқайсысы қолмен жасалған және өзінше ерекшеленеді. 

«Димашқа сыйға тартылған сасандо 45 ішекті және оның арнайы тұғыры бар. Сондай-ақ, оған осы аспапта ойнау бойынша оқу құралы табыс етілді», - делінген ақпаратта.