Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазір қолымызда жан-жақты сараланған мәліметтер бар. Бұл бізге болашаққа жоспар құрып, алдын ала дайындалуда мүмкіндік береді. Яғни індеттің күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру үшін материалды әрі адами ресурстарды толығымен дайындауға жағдай жасалды», - деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Еске салсақ, Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады.