16 жел, 2017 сағат 12:13

Ильхам Алиев қазақ халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хат жолдады. Бұл туралы ӘР президентінің сайтында хабарланған. 

"Өзімнің және Әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын", — делінген хатта. 

Ол бауырлас Қазақстан мемлекеттілікті нығайту ісінде, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салаларда едәуір жетістіктерге жетіп, әлемдік қауымдастықтың белсенді және беделді мүшесі атанғанын атап өтті.

"Әзірбайжан-Қазақстан мемлекетаралық қарым-қатынасы, өзара сенім мен қолдауға негізделген достығымыз бен серіктестігіміз, бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі дами беретініне сенемін", — делінген құттықтауда. 

Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.