10 там, 2020 сағат 20:23

Іле Алатауы паркінде сарқынды суларды тазарту жүйесі қалай жұмыс істейді?

Ұлттық саябақ жанындағы қоғамдық кеңес Іле Алатауы ұлттық саябағында экотуризмді тұрақты дамыту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мониторинг барысында Ұлттық саябақ жанындағы қоғамдық кеңес Аюсай визит орталығының құрастырылу сатыларымен танысты және «Тамыр» табиғат аясында болу мектебінде болды. 

«Біз сіздерді соңғы кездесуімізден соң атқарылған жұмыстармен таныстырғымыз келеді. Ұлттық саябақтарды дамыту қорының атқарушы директоры Сергей Спицынмен автотұрақ, спорт алаңшасы орнатылды. Сондай-ақ, алғаш қоғамдық әжетхана құрастырылып жатыр. Барлық конструкция, сондай-ақ визит орталықтың өзі геошуруптармен жүзеге асуда. Біз өз жұмыстарымызда бетон қолданбаймыз, шұңқыр қазбаймыз. Мына өздеріңіз көріп тұрған жырада келесі аптада қоғамдық әжетханаға арналған тазарту жүйесін орналастыру үшін алаңша дайындауды бастаймыз. Қоғамдық әжетхананы қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз», — деді «Туранга группc компаниясының директоры Александр Гужавин. 

Компания бұл аумақты өздеріне дейінгі жалдағандардан қалған бұзылған бетон құрылымдарды алып тастауды жоспарлап отыр.Олардың орнында қоғамдық көлік аялдамасы пайда болады. 

Қоғамдық кеңес мүшелері сарқынды суларды тазарту жүйесі жайлы айтып беруді сұрады. 

Ұлттық саябақтарды дамыту қорының атқарушы директоры Сергей Спицын бұл жүйенің қалай жұмыс жасайтынын баяндады. 

«Бұл процестің мәні – сарқынды сулар терең биологиялық тазартудан және бұған қосымша ультракүлгін залалсыздандырудан өтетіндігінде. Сертификацияланған бактериялар барша органиканы «жеп қойып», тұнған лайды ғана қалдырады. Су, оны техникалық қажетке қолдануға жарамды күйге дейін, тазарып қалады. Келешекте тазартылған суды екінші циклде шаю мақсатында қолдану мәселесін қарастырып жатырмыз»,–деді Сергей Спицын. 

Бұған қоса, «Туранга групп» командасы таяу арада «Тамыр» табиғат аясында болу мектебімен бірге екі жаңа соқпақты қалыптастыруды жоспарлап отыр. « Жас кайың»,– деп аталған бірінші соқпақта ата-аналар балаларымен бірге, сондай-ақ егде адамдар жүре алады. Екінші соқпақ, қимыл-қозғалысы шектелген жандар үшін арнайы құрылады. 

Алматы экология департаментінің басшысы Қонысбек Байдинов экотуризмді дамыту жобасын қолдады. 

«Бұл әсіресе өскелең ұрпақ үшін керек. Балаларды экологиялық мәдениетке жастайынан баулу, қоршаған ортаның құндылығын ұқтыру керек», - деді ол. 

Ұлттық саябақ жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Расул Рысмамбетов жобаның басты мақсатына тоқталды. 

«Мен қоғамдық кеңеске, аталған жүйенің тиімділігі қызықтырғасын, бұл жоба келешекте қандай сомаға жүзеге асып, қандай табыс әкелерін білгім келгендіктен кірдім. Себебі, Қазақстанда бір емес, он үш ұлттық саябақ бар. Сондықтан экобизнестің жеке жоба үлгісінде дамуын бақылау қызықты болмақ. Оның үстіне, тауға жиі келіп тұратын Алматы қаласының тұрғыны ретінде, бұл жоба қандай өзгеріс әкелетінін көргім келеді», - деп түйіндеді Расул Рысмамбетов. 

Ұлттық саябақ жанындағы қоғамдық кеңеске құрамында - туристік ұйымдар өкілдері, ғалымдар, спортшылар, кәсіпкерлер, экобелсенділер, қоғам қайраткерлері бар. Жалпы құрамына 19 адам енген. 

Жоба аясында 155 шақырым жаяу соқпақ салу мен абаттандыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, келушілер ұлттық саябақ туралы ақпарат алатын 7 визит орталық орнату қарастырылған. Келешекте этноауыл, кемпинг, шатырлы лагерь, 10-15 орындық глэмпинг (тау баспанасы) және бір караванинг (автоүймен саяхат жасайтындарға арнап жабдықталған тұрақ ) пайда болмақ.