Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Желіде соңғы үш жылдан бері Ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді. Telegram-арналарында оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылған.