ҚХР азаматтары Қазақстан полицейлерімен жанжалдасқан сәтінің видеосы Желіде тарап жатыр. Осы оқиғаға байланысты Алматы облыстық ІІД қкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Видеода құқы қорғау органдары қызметкерлерінің қытай тілінде сөйлеп жатқан азаматты ұстап жатқаны түсірілген. Ол қарсылық білдіріп, арты төбелеске ұласады. Осы теке-тірес барысында ер қашып кеткен.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер оқиғаның Панфилов ауданы Хоргос ауылында 2017 жылы 31 қарашада болғанын айтады.
"Видеодағы ер адам, ҚХР азаматы, ұсталды және полицейлер оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша протокол толтырды. Іс материалдары аудандық сотқа жіберілді", - деді өңірлік ІІД өңілдері.