14 қыр, 2022 сағат 10:38

II Елизаветаның табыты Букингем сарайына жеткізілді

Фото: Sky News

Жеті көліктен тұратын жерлеу кортежі Елизавета II-нің мәйіті бар табытты Лондон резиденциясы - Букингем сарайына жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Sky News арнасына сілтеме жасап.

Лондонның орталығына барар жолда аза тұтушылар жолдың екі жағына жиналып, шеруді тамашалады.

Көлікті сарайда Ұлыбритания королі Чарльз III, Королева Консорт Камилла, Уэльс ханзадасы Уильям және оның әйелі ханшайым Кейт қарсы алды. Елизавета II-нің қызы Анна ханшайым анасының денесін Балморалдан Букингем сарайына дейін алып жүрді.

Сәрсенбіге қараған түні патшайымның денесі Букингем сарайының мемлекеттік бөлмелерінің бірінде болады. Король отбасының жақын мүшелері, сарай қызметкерлері қоштасу рәсімін өткізді. Сәрсенбі күні табыт Вестминстер сарайына жеткізіледі, онда ол дүйсенбі таңертеңге дейін болады.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ні жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте өтеді.