05 ақп, 2022 сағат 18:58

Игорь Рогов БҰҰ өкілімен босқындар проблемасын талқылады


Алматыда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Еуропа кеңесінің Венециялық комиссиясының мүшесі Игорь Рогов БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы өкілдігінің басшысы Ханс Фридрих Шоддермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Әңгімелесу барысында тараптар азаматтығы жоқ тұлғалардың мәселесін түбегейлі шешу, босқындар мен ішкі қоныс аударушыларды, Қазақстанның азаматтығы жоқ адамдарды қорғау және гуманитарлық көмек көрсету жолдарын талқылады. 

Ханс Фридрих Шоддер өзі өкілдігін басқаратын босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы қызметінің бағыттары туралы мәлімет беріп, Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне (АҚК) 2022-2024 жылдарға мүшелігімен құттықтады. Сондай-ақ 2014 жылы басталған #IBelong науқаны шеңберінде ҚР Үкіметінің БЖКБ-мен азаматтығы жоқ адамдар мәселесінісің алдын алу және шешу ісіндегі өзара іс-қимылын жоғары бағалады. 

Дипломат азаматтығы жоқ тұлға ретінде өмір сүру тенденциясын құбылыс ретінде азайту бағытындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына жасалған талдауға тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстанның 1961 жылғы азаматтығы жоқ адамдардың қатарын қысқарту туралы конвенцияның, 1954 жылғы апатридтер мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау мүмкіндігі туралы сұрады. 

Игорь Рогов Қазақстан мен Орталық Азиядағы БІЖЖКБ-ның белсенді ынтымақтастығы мен жемісті қызметі үшін алғысын білдіріп, аталған конвенцияларды ратификациялау мәселесін қазіргі уақытта құзыретті мемлекеттік органдар зерттеп жатқанын хабарлады. 

Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына және Республиканың Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясына мүшелігінің 10 жылдығына орай биыл бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі де талқыланды. 

Сондай-ақ, 2012 жылы комиссия «Қазақстан Республикасындағы оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарына қатысты жағдай туралы арнайы баяндаманы сәтті таныстырғанын атап, осы проблема бойынша жаңа құжат дайындауға ниет білдірді. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, жұмыс байланыстарын орнату және адам құқықтары саласында тәжірибе алмасу келісімге келді.