16 там, 2019 сағат 16:25

Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжанов Мәжілісі депутатының мандатын алды

Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Мәжіліс депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды», делінге хабарламада.