10 ақп, 2026 сағат 17:04

«Gulder» ансамблінің шеберлік сағаты өтті


Қазақконцерт «Gulder» ансамблінің репертуары негізінде қазақ биінің даму үрдістері» атты шеберлік сағатын өткізді.  

Шеберлік сағаты бағдарламасында ансамбльдің негізгі қойылымдары («Бипыл», «Дала әуені», «Хафиз», «Ер Тұран» және басқа да шығармалар) ұсынылды.


Аталған қойылымдар ұлттық бидің эволюциясындағы басты бағыттарды — хореографиялық мұраны ұқыпты сақтаудан бастап, батыл заманауи интерпретацияларға дейінгі даму үрдісін айқындайды.

Әрбір композиция кеңейтілген теориялық түсіндірмемен, практикалық көрсетіліммен және бидің идеясына, хореографиялық лексикасына, композициялық құрылымына әрі сахналық костюміне арналған.



Қатысушылар қойылымдарды тамашалап қана қоймай, ансамбльдің кәсіби шығармашылық зертханасына ене отырып, жекелеген хореографиялық байланыстар мен композициялық құрылымдарды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне ие болды.

Алғаш рет көпшілік назарына «Gulder» ансамблінің хореографиялық қойылымдарына арналған кешенді теориялық және практикалық талдау ұсынылды. Бұл бастама ансамбльдің шығармашылық қызметін кеңінен танытуға, сондай-ақ, қазақ биінің дәстүрлі мұрадан заманауи көркемдік ізденістерге дейінгі даму үдерісі туралы танымды тереңдетуге ықпал етеді.


Фотолар: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының баспасөз қызметінен