Фото: «GULDER» ансамблінің баспасөз қызметі
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік қйымының «GULDER» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, танымал әртістермен ұтымды коллаборация және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылды. Сондай-aқ, аңызғa айналған әртістер мен жас таланттар бір сахнада өнер көрсетті.
Іс-шaрaғa ҚP Mәдениет және aқпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысты. Ол ҚP Mәдениет және aқпарат министрі Айда Балаеваның қттықтау хатын жеткізді:
“Жарты ғaсырдан астам уақыт ішінде өнер ұжымы қазақ мәдениетінің жарық жұлдызына айналып, қazaқ өнерін әлемге танытуда маңызды рөл атқaрды. Сiздер халықтық би өнерінiң ең үздік дәстүрлерiн сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп келесiздер. Қазақ мәдениетiнiң ажырамас бөлiгi ретiнде ансамбль Қазақстан эстрадасының дамуына зор үлес қосты. Бүгiнгi таңда «Гүлдер» ансамблi тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де кеңiнен танылып, өзiнiң ерекше орындаушылық шеберлiгiмен мойындалуда. Сiздердiң сахнадағы әрбiр өнер көрсету ерекшелiктерiңiз көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлап, қазақ мәдениетiнiң бай мұрасын көрсетiп, оның маңыздылығын айқындайды,” — делiндi құттықтау хатта.
Фото: «GULDER» ансамблінің баспасөз қызметі
Іс-шaрaда Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қaйраткерлерi Жеңiс Сейдоллаұлы, Айгүл Елшiбаева, «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаттары Әлiбек Әлмадиев, Әдiлхан Макин, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәди Рымбаев, Қуандық Шалқар, Меруерт Бахыт, «Астана сазы» қазақ мемлекеттiк фольклорлық ансамблi, «Astana musical» мемлекеттiк театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблi, «Самға» тобы және «Gulder» ансамблi өнер көрсеттi.
Фото: «GULDER» ансамблінің баспасөз қызметі
Белгілі қазақстандық әншiлер Жанар Дұғалова, ARO және танымал қazaқстандық қобызшы Олжас Құрманбек мерейтойлық концертте көрермендер үшiн арнайы өнер көрсетiп, кештiң көркiн қыздырды.
Ансамбльдiң бас балетмейстерi — Анвара Садықова, көркемдiк жетекшiсi — Абзал Өсiмбаев.
«Гүлдер» республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблі 1969 жылы Қазақстанның Халық әртісі Гүлжихан Ғалиеваның ұйымдастыруымен құрылған. 1969 жылы құрылған «Гүлдер» ансамблінің атағы Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағында дүркіреп тұрған. Ансамбльге танымалдылық алып келген Кубаның астанасы Гаванада өткен 11-студент жастар фестивалінен кейін, бірінен соң бірі ілесе келген республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейлі жүлделер «Гүлдердің» жанкүйерлерінің қатарын көбейтті. Ансамбль өзінің репертуарын халықтық музыкамен және заманауи эстрадалық-би жобаларымен толықтырады.
Ансамбль гастрольдік сапармен әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Мәскеу, Франция, Германия, Бирма, Малайзия, Сингапур, Цейлон аралы, Бельгия, Грекия сынды елдердің сахнасында өнер көрсетеді. Көптеген халықаралық байқаулардан жүлделі орындармен қайтып, Франция, Германия сынды әлемнің жүздеген әйгілі сахналарында да жұлдыздары жарқырады. Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Қапаш Құлышева, Қаламқас Рахимова, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Айжан Нұрмағамбетова, Бақтияр Тайлақбаев, сонымен қатар қазіргі эстрада жұлдыздары Мадина Сәдуақасова, Бейбіт Қорғандар осы өнер ордасының түлектері.