19 мау, 2023 сағат 15:22

Грузиядағы қазақстандық журналистің өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Фото: facebook.com/policeofgeorgia

Грузияда қайтыс болған қазақстандық журналистің қазасына қатысты мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Грузия ІІМ сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Кахетия полициясы қасақана өлім дерегін анықтаған. Күдікті ретінде бір адам ұсталған. Күдікті Г.Х-ны Кахетияның Полиция департаменті өкілдері жедел-іздестіру шаралары барысында анықтаған. 

Ол жасаған қылмысы үшін 10 жыл мен 15 жыл мерзімі аралығыны сотталуы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жанжал барысында шетелдік әйелді (қазақстандық журналист - еск.) қатты затпен ұрған. Г.Х әйелдің денесін өзенге лақтырып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыстық іс Грузияның Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тіркелді. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Грузияда өлтірілгені хабарланған болатын.