Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы Ярослав қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ол жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Небәрі 24 жаста еді", - деді Григорий Марченко.
Григорий Марченко - қазақстандық қаржыгер, екі рет Ұлттық банк төрағасы болған. 2011 жылы ТМД елдері атынан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы лауазымына ұсынылған.
Григорий Марченко 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Кеңес армиясы қатарында болған. 1984 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "халықаралық экономика" мамандығы бойынша үздік бітірген.
2020 жылдың қазанында Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған.
Ұлт порталының редакциясы Ярослав Марченконың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
1978 рет оқылды