Сібір орманынан шыққан өрттен 13 мың аң жапа шеккен болуы мүмкін. Мұндай деректі Greenpeace экологиялық ұйымы жариялады.
Ұйым дерегінше, өрт шарпыған аумақта 5,5 бұлғын, 300 аю, 2,7 мыңға жуық сібір бұғысы және 1,5 мыңдай бұлан тіршілік еткен. Аңның бір бөлігі өртеніп кеткен болуы мүмкін, басқа бір бөлігі өзге аймақтарға босқан.
"Ірі жыртқыш аңдар мен тұяқтылар, әдетте өрттен қашып үлгереді. Жыртқыш құстар мен ағашқа ұят салатындар өртеніп кетеді. Сусар тұқымдастар оттан тығылып қалуы мүмкін, бірақ олай етсе түтінге тұншығып қалады. Аңдар тірі қалғанның өзінде қатты зардап шегеді. Себебі өмір сүретін орталары бірнеше жылға жойылып кетті" дейді Иркутск мемлекеттік аграрлық университеті биоэкология кафедрасының доценті Александр Кондратов.
Тамыздың басында Сібірдегі орман өртінің аумағы үш миллион гектарға жуықтаған. NASA дерегінше, өрт түтіні Аляска мен Канадаға жеткен. Билік өртті сөндіруге "тым көп шығын кетеді" деп әуелі отты өшіруге әрекет қылмаған. Бірақ белсенділер мен халықаралық ұйымдар сынынан соң Мәскеу "өрттің ошақтарын сөндіруге кіріскен".