13 жел, 2020 сағат 21:31

Германияда қатаң локдаун енгізіледі

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның Телеграм каналы.

Күшіне енетін шектеу шаралары:

- Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (бірінші кезекте қажетті тауарлар сатылытын дүкендерді қоспағанда)

- Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді;

- Мектептер жабық болады немесе еркін қатысу енгізіледі;

- Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды, бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек және міндетті түрде бетперде тағу керек;

- Шаштараздар мен сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады;

- Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

- Германияға шетелден келушілер коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады.

Ел Үкіметі Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады. Ел басшысы Ангела Меркель Германияда КВИ-ге қарсы екпе егу аталған уақыттан кейін ғана басталатынын мәлімдеді.