Германия билігі қатаң карантиндік шаралардан бас тартпайтынын жеткізді. Федералды үкімет пен федералды жер билігінің өкілдері карантинді 14 ақпанға дейін ұзартуға келісті.
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазіргі уақытты Берлинде қатаң шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі талқылануда. Олардың ішінде - қоғамдық көлік жұмысына шектеулер қою және қорғаныс деңгейі жоғары бетперделерді міндетті түрде тағу шаралары бар», - делінген хабарламада.⠀
Ал Италия Еуропадағы өлім-жітім бойынша екінші орында – өткен тәулікте 600-ден астам адам қайтыс болды. Ел Үкіметі коронавирустың «белсенді таралуының» жаңа кезеңін жариялады. Қазіргі уақытта аймақтар арасындағы қозғалысқа тыйым салынуда. Аталған шектеулер 15 ақпанға дейін, ал түнгі коменданттық сағат 5 наурызға дейін жалғасады.
АҚШ COVID-19 жұқтыру саны мен өлім деңгейі бойынша көшбастап тұр. Калифорния, вирусты жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асқан АҚШ-тың алғашқы штаты болды. Жалпы мемлекетте 24 миллионнан астам жағдай анықталған, 400 мыңға жуық ел азаматы қайтыс болған. Екі көрсеткіш бойынша да ел әлемде бірінші орында.