17 ақп, 2021 сағат 08:23

Германия 1 наурыздан бастап Covid экспресс-тестін тегін етпек

Германия 1 наурыздан бастап азаматтарына коронавирус экспресс-тестін тегін ұсынады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мәлімдеді.

"1 наурыздан бастап барлық азаматтарға тегін тест жасату мүмкіндігі беріледі" деп жазды ол Twitter-де.

"Бильд" газетінің мәліметінше, коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестті дәріханаларда, клиникалар мен стоматологияларда және тестілеу орталықтарында жасатуға болады.

Экспресс-тест адам ағзасында вирустың антигені бар-жоғын тексереді. Оның нәтижесі 30 минут ішінде дайын болады.

Осының алдында Германия канцлері Ангела Меркель елдегі локдаунның 7 наурызға дейін жалғасатынын айтты. Карантин шектеулері ақпанның ортасында аяқталуы тиіс болған.