02 нау, 2022 сағат 11:05

"Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде ұйымның әлеуеті мен ролін арттыру керек" - Тоқаев


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси жағдай шиеленісіп тұрған кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен маңызын арттыру керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен ролін арттыра түсу керек", - делінген хабарламада.