Головкин ІІМ-нің медалімен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ішкі істер министрінің бұйрығымен Геннадий Головкин қазақстандық спортты дамытуға, халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды», делінген хабарламада.
Геннадий Головкин өзінің әуесқой мансабында ІІМ Ішкі әскерлерінің спорттық командасының құрамында болған еді.
«Геннадий Геннадьевич, ішкі істер органдары үшін сіз - бөтен адам емессіз. Біздің қатарымызда «бұрынғы әріптесіміз» деген болмайды. Ішкі істер министрлігі және жеке өзім сіздің кәсіби бокстағы даусыз табыстарыңызды, сондай-ақ Қазақстанда осындай ұлы спортшы бар екенін мақтан тұтамын. Жеңіске деген талпынысыңызбен және жігерлі рухыңызбен ІІМ-нің барлық жеке құрамына үлгі болып келесіз. Сізге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!», - деді қазақстандық боксшыға медаль тапсырған министр Ерлан Тұрғымбаев.