25 там, 2025 сағат 16:37

Ғани Бейсембаев 2025-2026 оқу жылында қандай өзгеріс болатынын айтты

Фото: ҚР ОАМ

Шымкентте «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты қалалық тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Оған 2 мыңнан астам педагог, мемлекеттік орган және ҮЕҰ өкілдері қатысты. Пленарлық отырысқа ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.

Министр мұғалімдердің құқықтарын қорғау – мемлекеттің басты ұстанымы екенін атап өтті.

«Мұғалімді қорғау арқылы біз балалардың сапалы білім алуға деген құқығын қорғаймыз», – деді ол.


Бейсембаев жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттарды жариялады:

  • 📌 «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатикаға» жасанды интеллект элементтері енгізіледі;

  • 📌 AI-Kitap білім беру платформасы іске қосылады;

  • 📌 Қараша айында ата-аналар комитеттерінің республикалық форумы өтеді;

  • 📌 Қазақстан мектептерінде бірыңғай дизайн-код енгізіледі.

Конференция соңында 25 педагог пен бірқатар техникалық қызметкер алғаш рет еңбегі үшін марапатталды.